{metadescription}
Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің  нұсқасына қарсы шықты
Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің  нұсқасына қарсы шықты

Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты

Парламентте ұсынылған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұлттың болашағына қауіп төндіріп тұр! Елдің ертеңіне алаңдаған қазақ қаламгерлері осылай дабыл қақты. Естеріңізге салсақ, жақында Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығы Мәжілісте латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Онда барлығы 25 әріп белгіленсе, қалған қазақша дыбыстар қос әріппен жазылған. Ал, бүгін шу көтерген ақын-жазушылар Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты ұсынған 32 әріптен тұратын әліпбидің нұсқасын құп көріп отыр.

Қазақ тілінің келешігіне алаңдаған қаламгерлердің қабағы қатулы. Жазушылардың «артық әріпке әліпбиден орын жоқ» деген пікірін академик Өмірзақ Айтбайұлы да қуаттады.

Өмірзақ Айтбайұлы, Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-Жолдан қосылғандарға жол жоқ. Сондықтан тіл білімі институты ұсынған жобаны ысырып тастап, ұлттық мүддені емес. Басқа бір батыс көзіне айналдыруға тырысқандарды қолдауды тарихи қателік деймін.

«Бір әріп  бір таңба» қағидасын ұстанған Тіл білімі институтының нұсқасында 32 әріп бар. Жазылуы, оқылуы оңай болғанмен, қазіргі техниканың тіліне келмейді дейді кейбір мамандар. Ал, дауға айналған әліпбиде 25 әріп таңбаланған. Бірақ, бір дыбысты екі әріппен белгілесек, халықтың латын әліпбиіне деген көңілі су сепкендей басылады дейді жазушылар.

Нұрлан Оразалин, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

- Бізде кирилицамен оқитын мектептер бар. Ертең баланың басын қатырып қайтеміз деп, соған бере салуымыз мүмкін. Кеудесін қаққан қазақтың 10-15 пайызы ғана қала ма  деп қорқамын латынмен.

Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының айтуынша, таңбадан бұрын емле ережесі жасалу қажет. Сонымен қатар, тілі білімі институтының жобасындағы кейбір кемшіліктерді де тізбелеп өтті.

Бексұлтан Нұржекеұлы, жазушы:

-Бір дыбысқа бір таңба дегенде, біз не үшін көшіп отырмыз. Қазқ тілінде үндестік заңы бар. Сол сақталмаған екен.

Алаң көңіл қаламгерлер латын әліпбиіне көшудің саяси астарына да үңілді. Күні ертең бірі латын, бірі кирилица болып, ел іші екіге бөлінбей ме деген қорқынышын жасырмады.

Иран Ғайып, ақын:

- Орыстар да қабылдасын, әзірбайжандар, түріктір бар. Олар да латынша қабылдасын. Латынменен орысша түсінігін алып келетін болсын.

Мамандар тіл білімі институты ұсынған жоба техника тіліне келмейді дегенмен келіспейді. Оған мысал ретінде бұл нұсқамен сай келетін неміс тілінің пернетақтасы ұсынылды. Президент те бұған дейін асығыс шешім қабылдамай, талқыға салу қажеттігін баса айтқан болатын. Латын әліпбиіне көшу  уақыт талабы екені ақиқат. Бірақ, таласқа түскен «бір дыбыс  екі таңба» немесе «бір дыбыс  бір таңба» жобасының қайсы жеңіске жететіні уақыттың еншісінде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.