{metadescription}
 Үкімет әзірлеген жаңа Салық кодексіне қатысты дау өрши түсті
 Үкімет әзірлеген жаңа Салық кодексіне қатысты дау өрши түсті

Үкімет әзірлеген жаңа Салық кодексіне қатысты дау өрши түсті

Мәжілістегі талқылауға қатысқан тәуелсіз экономистер шенеуніктерді  ірі компаниялардың мүддесін қорғап, лобби жасап отыр деп айыптады. Өйткені, жаңа құжатта мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібімен айналысатын мекемелерге үлкен жеңілдік жасалған. Ал бұл саладан жылда қазынаға  ондаған миллиард пайда түседі. Сондай-ақ, мамандар әлеуметтік салықты төмендетуге де қарсы.

Жаңа Салық кодексін әзірлеген Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері құжатты таныстыру үшін бүгін Мәжіліске алып келді. Талқылауға қатысушылардың қатарында қоғам белсенділері мен экономистер бар. Енгізілген өзгерістерді көрген сарапшылар бірден   шенеуніктерге шап берді. Экономист Мұхтар Тайжанның айтуынша, Үкімет жаңа кодекс арқылы еліміздегі табиғи байлықты сатып, миллиардтап табыс тауып жатқан ірі компаниялардың сойылын соқпақ.

Мұхтар Тайжан, экономист:

-Жер қойнауын пайдаланушы компанияларға жасалған жеңілдіктерді лобби деп есептеймін. Үкімет осы мәселені талқылаған жиынға мені қатыстырмады. Енді парламент бұған жол бермей, дер кезінде тоқтату керек.

Егер қазба байлықтан табыс тауып отырған компанияларға салықты  азайтса, бюджетке түсім де еселеп төмендейді. Сондай-ақ, сарапшылар ірі мекемелерді әлеуметтік салықтан бостауға да қарсы. Себебі, бұл жеңілдіктің салдарынан жергілікті бюджетке түсім төмендейді де, өңірлер ондаған миллиард теңгеден қағылады.

Рахым Ошақбаев, экономист:

-Елімізде 1 миллион 200 мың шағын және орта бизнес бар. Жаңа Салдық кодексі бойынша, оларға ауыртпалық түседі. Зейнетақы төлемдері өседі, міндетті медициналық салық бар. Бұл жерде қарапайым жұрттың қызығушылығы қорғалмаған.

Ал шенеуніктердің кез-келген сынға жауабы дайын. Салық кодексіне енгізілген жеңілдіктерден қазына 24 миллиард теңге жоғалтады екен. Бұл 9 триллиондық бюджет үшін түк емес дейді. Сөздеріне сенсек, басымдылық шағын және орта бизнеске беріліпті.

Руслан Дәленов, қр ұлттық экономика вице-министрі:

-Жаңа Салық кодексінде көбіне шағын бизнеске жеңілдік жасалды. Көлік шығаратын, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға салық төмендейді. Сондай-ақ, егер клиент алған несиесін банкке қайтармаса, банк қарызға салынған салықтан босатылады.

Үкімет лотерея, ұтыссыз автомат ойындары, бильярд, нотариустар мен адвокаттардың қызметіне қосалқы құн салығы бойынша жеңілдіктер алып тастапты. Бірақ бұл жеңілдіктерді ақшамен есептесек, бюджетке түсетін табыстың өте аз бөлігін құрайды. Жаңа Салық кодексінің тағдыры енді депутаттардың қолында. Құжатты өзгертуге немесе осы күйде қалдырса да өздері шешеді.

Мәжілісмендер Үкімет ұсынған салық кодексін қайта жазып шығуы да мүмкін. Өйткені, бүгін депутаттардан да сыни пікірлер көп болды. Халық қалаулылары жеңілдіктерге ғана емес, салық инспекторларының қызметін, адаммен сөйлесу мәдениетіне дейін өзгертіп, заңмен реттемек. Ал қазірдің өзінде түсінбестік туғызған жаңа Салық кодексі жаңа жылға дейін қабылдануы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде