{metadescription}
Астанада жантүршігерлік жол апаты 5-ші сынып оқушысының өмірін жалмады
Астанада жантүршігерлік жол апаты 5-ші сынып оқушысының өмірін жалмады

Астанада жантүршігерлік жол апаты 5-ші сынып оқушысының өмірін жалмады

Оқыс жағдай бүгін күндіз болды.

Тойота қарсы бетте арнайы жолақпен келе жатқан қоғамдық көлікке соғылған. Қатты соққыдан жеңіл машинаның ішіндегі 47 жастағы жүргізуші мен оның 11 жастағы ұлы оңбай жараланды. Мыжылған темір арасынан ол екеуін құтқарушылар алып шыққанымен, жеткіншек есін сол күйі жимастан жан тапсырды. Ал, 33-ші бағыттағы автобуста үш жолаушы түрлі дене жарақатымен емханаға жеткізілді. Әзірге жол апатына нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Болжам бойынша, Тойота көлігі кінәлі болуы мүмкін. Оны анықтауға «Исекешовтың көзі» аталып кеткен су жаңа «сергек» камералары көмектеспек. Қазір полицейлер жазбаны зерттеп жатыр.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Алдын ала тексерістің мәліметі бойынша, арнайы жолақпен келе жатқан автобустың жолағына шығып, бұрылған кезде соқтығыс болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде