{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында тұрақ құны арзандады
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында тұрақ құны арзандады

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында тұрақ құны арзандады

Халықтың жаппай наразылығынан кейін баға 13 есеге кеміп отыр.

Әуежай ауласында жарты сағатқа дейін тұру өзгеріссіз тегін. Бір сағат 300, екі сағат 400 теңге. Ол да ескіше. Ал бұрын екі сағаттан кейінгі әр сағатқа 1500 теңгеден жазатын тариф өзгеріп, енді 3 сағатқа 600 теңге деген есеп пайда болды. Бұрын бір тәулікке 33 мың теңге болса, енді 2 жарым мың. Бір тәуліктен асырған жүргізушілерден әр тәулігі үшін әуежай бұрын еселеп 60 мыңнан талап етсе, енді ешбір қосымша айыпсыз күніне 2 жарым мыңнан төлей береді. Астана әуежайының у-дай қымбат тұрағы туралы ең бірінші болып әнші-әртіс, депутаттар шу көтерген-ді. Жұлдыздар мен халық қалаулыларының жанайқайынан кейін, «Астана ЛРТ» бастапқыда өзгермейді деген тарифтерін екі айға жеткізбей қайта қарауға мәжбүр болыпты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде