Тұлғаны тасқа басқандар!
Петропавлда көпқабатты үйдің қабырғаларына белгілі азаматтардың суреттері бейнеленіп жатыр. Граффити жанрындағы туындыны Ресейден арнайы шақырылыған мамандар салуда.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
22.09.2017
Бес қабатты үйдің қабырғасына бірінші салынған суретте олимпиада чемпионы, петропавлдық Александр Винокуровтың тұғырда әнұран айтып тұрған сәті бейнеленген. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген суретшілердің бұл шаруаға бар болғаны екі-үш күні кетеді екен. Көрші елдің түрлі қалаларында жүзге жуық туындымыз бар деген олардың арнайы білімі де жоқ. Петропавлға әкімдіктің шақыруымен келген. Бұл шараға бюжеттен бір тиын берілмепті. Шенеуніктер бар қаржы демеушілердікі деп отыр. Айтуларынша, қалада жуық арада тағы екі үйдің қабырғасына Мағжан Жұмабаев пен Жамбыл Жабаевтың бейнелері салынбақ.
Антон Онищенко, граффити-суретші:
-Мен спортқа онша әуес емеспін. Петропавлға келгенше Александр Винокуровтың кім екенін білген де жоқпын. Оның Қазақстанның мақтанышы екенін осы жерде жүріп естідім. Жергілікті халық өз чемпионын жақсы таниды екен. Жанымыздан өтіп бара жатып, атын атайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!