{metadescription}
Петропавл тұрғындарын шенеуніктердің жайбасарлығы шошытты
Петропавл тұрғындарын шенеуніктердің жайбасарлығы шошытты

Петропавл тұрғындарын шенеуніктердің жайбасарлығы шошытты

Қыстың қамын жаз ойламаған шенеуніктер! Ала жаздай ай баққан Қызылжар құрылысшылары күзде күректерін сайлап, жол жөндеуге шықты. Қазір шаһардың орталық көшелерінің бәрі қазылып, қозғалыс қиындаған. Жыл сайынғы әдеттерінен жаңылмайтын шенеуніктердің бұл әрекетіне наразы халық- жауында төселген асфальт көктемде қармен бірге еріп кетеді деп отыр. Ал атқамінерлер бұған бюджеттен ақшаның тым кеш бөлінгенін айтып ақталуда.

Орталық көшелердің бәрі жабық болғандықтан, айналма жол іздеп сабылған қызылжарлық жүргізушілер кептелістің не екенін енді ұққандай. Бұрын қалада мұндай түйткіл жоқ еді. Бірнеше көшелердің бір мезетте жөнделуінің кесірінен енді олар да ірі мегаполистегілердің кебін киіп отыр.

-Қызылжар көшелерінің бұлайша ауа-райына қарамастан аяқ асты жөнделіп жатқанына анау-мынау емес, тура көрші елдің Президенті себепкер. Алдағы жылы Петропавлда шекаралас елдердің форумы өтеді деген жоспар бар. Оны ойдағыдай өткізу үшін тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысының орталығын көркейтуге бірнеше миллиард қаржы бөлінбекші.

Осы форумға дайындық аясында биылдыққа 2 миллиард теңге бөлініпті. Бұл қаржыға қазір облыс орталығының 18 көшесі бір мезетте жөнделіп жатыр. Шағын шаһар үшін бұл тым көп. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген тұрғындар бір жағы бұған риза болса, екінші жағынан жұмыстың тым кеш атқарылып жатқанына наразы.

Владимир Пичугин, көлік жүргізушісі:

-Әйтеуір, қаланы жақсы білетін болғандықтан айналма жол табамыз. Ал ішкі көшелермен жүру мүмкін емес. Бәрін қазып тастаған. Қазір күздің толассыз жаңбырлы күндері басталды. Біздің өңірде қыстың ерте келетіні шенеуніктер үшін жаңалық-ау деймін. Бүгін асфальтті жауынның үстіне төсесе, ертең қарға да қондыра салады.

Ал шенеуніктердің айтуынша, жергілікті бюджеттен ақша уақытылы бөлініпті. Бірақ ол 650 миллион теңге тек 8 көшеге ғана жеткен. Ал республика қазынасынан келген транш тамыздың соңында түскен.

Ғали Әбдірешев, Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

 -Респуликалық бюджеттен қалай бөлінді, солай жұмыс істеп жатырмыз. Көктем уақытында қар кеткеннен кейін арнайы комиссия көшелерді зерттейді. Осы зерттеудердің қорытындысы бойынша көшелер анықталады. Қай көшелерді жөндеу керек, қалай жөндеу керек.

Көшелерді қалай жөндеу керектігін зерттеген комиссия мүшелерінің миллиардтардан басы айналып қалған болуы керек, жол жиектерін қымбат граниттан жасатыпты.

Ермек Исмайылов, жұмысшы:

-Қымбат деп жатыр, гранит деп жатыр, білмеймін бағасын білмейміз. Бірінші көріп отырмын. Бірінші рет салып жатырмыз. Бастықтар үлгереміз, бәрі жақсы болады деп жатыр ғой.

Маңызды саяси оқиға өтетін алдағы жылдың еншісіне де шенділер  біраз шаруа жоспарап қойыпты. Айтуларынша, қалған миллиардтар 2018 жылы уақытылы бөлінуі тиіс. Әйтпесе, Путиннің аяғы тигенше жөнделмеген көшелердің одан кейін асфальт көруі екіталай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде