Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо жабайы жолбарыстың Қазақстанға қайта оралатынын айтты
«Инстаграмдағы» парақшасында сүйінші сұраған ол, «Қазақстан осыдан жарты ғасыр бұрын жоғалған тұран жолбарысын Орта Азияда қайта түлететін алғашқы мемлекет» деп, ағынан ақтарылды.
Автор: Мақсат Мәліков
22.09.2017
Кеудесін қуаныш кернеген әйгілі актердің айтуынша, Қазақстан жолбарыстарды көбейтуді қолға алатын болса жабайы табиғат қалпына келіп, сиреп бара жатқан жануарларды қорғауға зор үлес қосады. Естеріңізге салсақ, жақында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры жолбарыстарды тарихи отанында тарату бағдарламасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Әзірге түз тағысының алғашқы жұптарын алып келгенше таралу аймағаның экожүйесі қалпына келтірілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!