Атырауда танымал мәслихат депутаты шатылып жатыр
Қазына қаржысын қалауынша таратқан! Атырауда облыстық мәслихаттың депутаты әрі “Атырау” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы Абат Тасымов үйқамаққа алынды. Оған қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
Автор: Жанар Низамутдинова
22.09.2017
Нақтырақ айтқанда, Абат Тасымов тігін цехы мен ет павильонын ашу үшін миллиондар сұрап алдына келген кәсіпкерлерге жалпақшешейлік танытыпты. Яғни олардың қолында қаржыны қайтаруға қажетті кепілдіктің жоқ екенін біле тұра, құжаттарға қол қоя берген. Осылайша 50 миллион теңгеге жуық қаражат сұраусыз кете барған. Бұдан өзге Тасымовтың орынбасары Жанмұрат Есжанов та осының алдында істі болған еді. Ол облыстың тұрақтандыру қорына 15 тонна жарамсыз құс етін алу үшін 8 жарым миллион теңгені желге шашқан. Бірақ Есжанов өткен айда сот шешімімен 1 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл төлеп, құтылып кетті. Ал, қазір корпорацияның осы іске қатысы бар деген тағы бір топ қызметкерінің де басына бұлт үйіріліп, тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!