{metadescription}
Энергетика министрлігі бензин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады
Энергетика министрлігі бензин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі бензин тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

Еліміздің көлік жүргізушілері бензин таппай сабылып жүргенін Энергетика министрлігі мойындады. Шенеуніктер жанармай тапшылығын қыркүйектің соңына дейін жоямыз деп уәде берді. 

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-Шынында да кейбір аймақтардағы жанармай құю бекеттерінде бензин жетпей жатыр. Біз бұдан хабардармыз. Бірақ тапшы деп айтуға болмайды. Жанармай елімізге Ресейден тасымалданады. Қазір көршілеріміздің Энергетика министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз.

Еліміздің кейбір аймақтарында  жұрт жиі тұтынатын АИ-92 маркалы бензин жетпей жатыр. Әсіресе, солтүстік пен шығыста жанармай тапшы. Семейде АИ-92 талонмен сатылауда, ал Петропавл, Қарағанды, Астанада жанармай бар болғанымен баға еселеп өсіп жатыр. Енді өзге өңірлерде де қымбатшылық бола ма деген сұраққа шенеуніктер жауап бермеді. Жанармай бағасы мұнай мен Ресейдегі бензин құнына тікелей байланысты екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде