{metadescription}
Астанада элиталық бөлімде қызмет ететін сарбаздар күрең берет үшін күресті
Астанада элиталық бөлімде қызмет ететін сарбаздар күрең берет үшін күресті

Астанада элиталық бөлімде қызмет ететін сарбаздар күрең берет үшін күресті

«Бүркіт» арнайы жасағы 18 жауынгермен толықты. Ұлттық Ұланның құрамындағы элиталық жасаққа іріктеу Астанада өткен болатын. Күрең беретке ие болу үшін жігіттер отқа да, оққа түсіп, ондаған шақырымды жүгіріп өтті. Тіпті, арнайы жасақтың қызметкерлерімен де ұрысқа түсті.

Бұл әр сарбазға арман күрең беретті алу үшін сынаққа түсіп жатқан жігіттер. Олар үшін талап – қатал. Әуелі мылтық, оқ өтпетейтін желет секілді салмағы 30 келіге жуық заттарды арқалап, 75 шақырымды жүгіріп өтуі тиіс. Жолдағы түрлі кедергілерді бағындырып, күннің салқынына қарамай суға да түсуі керек. Бірақ, сынақ мұнымен бітпейді.

75 шақырымды жүгіріп өткен соң да, күрең беретке үміткерлердің дамылдауға қақысы жоқ. Оқ пен оттың арансында түрлі кедергілерден жүгіріп өтуі тиіс. Жалпы, элиталық әскер саналатын Ұлттық ұланның құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағына өту үшін о баста 175 өтініш түскен. Бірақ, іріктеле келе соңғы сынаққа 18 жауынгер ғана жетіп отыр.

Павел Коваленко, ҚР ІІМ арнайы операцияларды өткізу орталығының бастығы:

-Үміткерлердің тек қана физикалық жағдайы емес интеллекті де өте жоғары әрі қайтпас қайсар болуы керек. Өйткені, іріктеу барысында біз жігіттерді қатты қинаймыз. Көбі шыдай алмайды. Ал, өз-өзін жеңіп, жігерлік танытқандар жеңіске жетеді.  

Сол жігерлік танытып алдыға суырылып шыққан 18 үміткер үшін енді шешуші айқас – арнайы жасақ қызметкерлерімен төбелесу. Өйткені, күрең берет иесі тек жүгіріп қана қоймай, жұдырық жұмсай алуы керек.

-Үміткерлер үшін ең ауыр сынақтардың бірі міне қоян-қолтық ұрыс. Мұнда жігіттер ондаған шақырымды жүгіріп келіп, демалусыз бірден ұрысқа түседі. Ең басты талап – жекпе-жекте құлап қалмау.

Яғни, жеңу міндет емес, бастысы 9 минут бойы шыдау керек. Сондықтан  бет-ауыз қанталап, ауыр соққы жанды қинап бара жатса да үміткерлердің қорғанудан басқа амалы жоқ. Бірақ, барлығы бұл сыннан мүдірмей өтті.

Айтуыар Асқар, үміткер:

-Әрбір қызметшінің арманы деп ойлаймын бұл. Сондықтан мен өз арманыма жеттім. Рахмет. –Қазір енді мұрыныңнан қан саулап тұр.Бұл бақыт қаны, түк емес мен үшін.

Осылайша күрең берет пен «Бүркіт» медалі 18 сарбазға ғана табысталып отыр. Бір айта кетерлігі, ол үшін жауынгерлерге қосымша ақы төленбейді екен. Енді сайдың тасындай іріктелген жігіттер сәл тынығып, «Бүркіт» арнайы жасағына қосылмақ. Олардың ендігі мақсаты лаңкестікке қарсы тұрып, елдің тыныштығын сақтау.

 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде