{metadescription}
Алматыда республикалық «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі өтті
Алматыда республикалық «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі өтті

Алматыда республикалық «Аман келешек» мәдени-спорттық фестивалі өтті

 «Дені саудың жаны сау». Елдің түкпір-түкпірінен 3 мыңнан астам бала қатысқан шараның ашылуына олимпиада чемпиондары да келді. Тұңғыш президент қорының ұйымдастыруымен биыл 4-ші жыл өтіп отырған фестиваль мақсаты - салауатты өмір салтын қолдайтын жас толқын қатарын көбейту.

Бірінші байлық-денсаулықты басты бағдары еткен балалар Алатау баурайында бас қосты. Қазақстанның әр қиырынан жеткен 3 мыңнан астам оқушы «Аман келешек» спорттық фестивалінің шашбауын көтеруге келген. Шараның шымылдығын олимпиада чемпиондары ашып, өкшелерін басқан өрендерге тілектерін айтты.

Ермахан Ибраимов олимпиада чемпионы:

-Қазақстанның болашағы дені сау, білімді жастардың қолында. Сондықтан, жастар алға, Қазақстан алға!

Тағдыр талайына жетімдік пен мүгедектік жазылған жастар да осы ортада. Спорт фестивалі оларды өзекке теппей, өзгелермен тең өсіруді, осы арқылы инклюзивтік қоғамды дамытуды мақсат еткен.

Гүлнар Ершіманова Тұңғыш президент қорының жобалар бойынша үйлестірушісі:

-Бұл ең алдымен балалардың мейрамы. Спорттың, денсаулықтың және шығармашылықтың мерекесі. Бұл жолы ғарыш әлемі мен технологиялар тақырыбы таңдалды. Мұндай шара балаларды тек жақсы бастамаларға жетелейді деп сенеміз.

Тақырыптық алаңдарда балалар тапқырлығын танытып, білім мен спорт бәйгесіне түсті. Теория мен тәжірибе қатар тізгінделген шарадан оқушылардың санасына тоқығаны мол.

Меруерт Асанова оқушы:

-Өте жоғары деңгейде өтті деген ойдамын. Маған ғана емес барлығына да ұнады. Жастарға рух беріп, спортпен шұғылдануға жақсы мүмкіндік деген ойдамын.

Салауатты өмір салтын насихаттаған фестиваль келер жылы да өз жалғасын табады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.