{metadescription}
Алматыда ауа-райы ауқымды шараның шырқын бұзды
Алматыда ауа-райы ауқымды шараның шырқын бұзды

Алматыда ауа-райы ауқымды шараның шырқын бұзды

Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған әуе шарларының фестивалінде ешкім көкке көтерілмей қайтты. Аяқасты жел тұрып, Ресейден арнайы әкелінген шарларды жинап тастауға тура келген. Ал, жұрт ұзын-сонар кезекке тұрып сатып алған билетін сол ретпен кейін қайтаруға мәжбүр болды. Сөйтіп, қапыда қалған тұрғындар да, ресейлік мамандар да ұйымдастырушыларды сынап кетті.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған әуе шарлары фестиваліне жұрт көп жиналған. Аэростатты көзбен көруге балалар да, үлкендер де асық. Ал, ол үшін алдымен бәрі ұзын-сонар кезекке тұрып, билет сатып алды.

- Фестивальге арнап мынадай 14 үлкен шар әкелінген. Оның көбі Ресейден алыныпты. Ал, сол шарларға мінуді күтіп жүргендер санында есеп жоқ. Бәрі де бір сәт көкке саяхат жасап қайтуды қалайды. Өйткені, мұндай мүмкіндіктің екі күннің бірінде беріле бермесі анық.

Еркетай Мәжит, Алматы қаласының тұрғыны:

- Біз өте көңілді жақсы демалып жатырық. Балаларым өте қуанышты. Қазір мінгіземіз.

Бірақ, ауа-райы шараның шырқын бұзды. Аяқасты жел соғып, аспан бұлттанды. Ал, ондай жағдайда өте қауіпті болғандықтан шарды ұшыруға тыйым салынған. Сондықтан, қапа болған жұрт алған билетін кейін қайтаруға мәжбүр болды. Негізі, жиналғандар 4 адамнан мінгесіп, әуе шарымен 25 метр биіктікке дейін ұшуы керек еді. Ал, шарды ұшыру үшін Ресейден мамандар шақыртылған. Алайда, олар клиентті көкке көтере алмадық деп, фестиваль ұйымдастырушыларын сынап кетті.

Константин Пух, нұсқаушы (Ресей):

- Қазақстанда аэростаттық техника дамымаған. Қызығушылық та шамалы. Фестиваль ұйымдастырушыларының тарапынан белсенділік жоқ. Демеушілер де дұрыстап көңіл бөлсе екен.

Шара барысында  жас жұбайлар көкте неке қиюы керек болатын. Бірақ, ол да болмай қалды. Ал, ұйымдастырушылар мұндай шараны жыл сайын өткізбек. Келер жылы бұл қателіктің орнын толтырып, қолайлы ауа-райын таңдаймыз деп уәде етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.