Ирак күрдтері тарихи референдумда дауыс беріп жатыр
Бүгін олар тәуелсіздік жолында ең маңызды қадамға бармақ. Алайда күрдтердің бұл шешімін Ирак билігінен бастап АҚШ, Түркия, ЕуроОдақ елдері сынды алпауыттар да қолдап отырған жоқ.
25.09.2017
Олар Ирак күрдтерінің басшысы Масуд Барзани, отпен ойнап отыр, осы бастама арқылы ол барлық күрдтердің қауіпсіздігін қыл үстіне қояды дейді. Алайда, Барзани бізге керегі тәуелсіздік, референдум өткізу үшін тәуекелге бел байладық деп райынан қайтар емес. Күрдтер қоныстанған Дохук, Хавлер, Сүлеймани және Халабжа провинцияларындағы халық толықтай президенттің соңынан еруге дайын. Саддам Хусейннің кезінде соғыстан көз ашпай әбден әлсіреген күрдтер бүгінде еркіндіктің дәмін сезініп, сыртқы қысымға қарамастан жеке ел болу үшін ештеңкеден аянбайтынын көрсетуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!