{metadescription}
Таразда бір көшенің үйлері тұтастай жанып кете жаздады
Таразда бір көшенің үйлері тұтастай жанып кете жаздады

Таразда бір көшенің үйлері тұтастай жанып кете жаздады

Сол маңдағы бір баспананың жатын бөлмесінен шыққан өрт, санаулы минуттарда іргелес тұрған дүкен мен қора-қопсыны шарпыған.

Түнде болған өрт біраз тұрғынның төбе шашын тік тұрғызды. Абдырап қалған ел, алдымен өздері жалынды сөндірмек болған. Бірақ шамалары келмеген. Артынша, оқиға орнына 9 өрт сөндіру техникасы жеткізіліп, 38 адам тілсіз жаумен алысты. Үй жабындылары тез жанғыш материалмен қапталғандықтан, шарпыған жалынды ауыздықтау қиынға соғыпты. Ал, от құрсауында қалып, түгі қалмай жанып кеткен дүкен жұмыс істемей тұрған екен. Сондықтан адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде