{metadescription}
Меркельдің жеңісінен кейін, еуро құнсыздана бастады
Меркельдің жеңісінен кейін, еуро құнсыздана бастады

Меркельдің жеңісінен кейін, еуро құнсыздана бастады

Еуропа ақшасы санаулы күннің ішінде 1 жарым пайызға арзандап кетті. Ал, сайлау күні ол бірден 0,6 пайызға әлсіреген.

Кеше Германия канцлері, Христиан-демократиялық партиясының көшбасшысы Ангела Меркель парламент сайлауында жеңіске жетіп, төртінші рет билікте қалған болатын. Негізі, саяси доданың мұндай нәтижесі нарықтағы жағдайды тұрақты ұстауы тиіс еді. Бірақ, бұл жолы канцлер жеңіске жеткенімен, бұл оның карьерасындағы бұрын-соңды болмаған төмен көрсеткіш болды. Өйткені, елге миллионнан астам мигрант кіргізген оны халық бұрынғыдай қолдай қоймаған. Керісінше, «Альтернатива» партиясына дауыс беруге көшіпті. Енді жеңіске әрең жеткен Меркель жаңа коалициялық үкімет құрмайынша, еуро бағамы тұрақтанбайды дейді сарапшылар. Айта кетсек, Еуропа валютасы бізде 6-7 теңгеге дейін арзандады. Оны қазір айырбас орындарында 406-407 теңгеге сатып алуға болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде