{metadescription}
Елімізде жұрт жаппай доллар сатып алуға көшкен
Елімізде жұрт жаппай доллар сатып алуға көшкен

Елімізде жұрт жаппай доллар сатып алуға көшкен

Елімізде күн өткен сайын қымбаттап жатқан АҚШ ақшасына сұраныс 2 есе артыпты.

Ұлттық банктің мәліметінше, әсіресе тамыз айында доллар алушылар саны күрт артқан. Тек бір айда 313 миллиард 600 миллионға шетелдік валюталар сатып алынса, соның 93 пайызы АҚШ валютасына жұмсалыпты. 5 жарым пайызы еуро, 1 жарым пайызы рубль сатып алуға кеткен. Ал, жыл басынан бері отандастарымыз қолма-қол шетел валютасын алу үшін 1,4 триллон теңге жұмсапты. Жалпы сомманың 66 пайызына доллар сатып алынған. Қалған 24 пайызы Ресей ақшасы, 10 пайызы еуроға жұмсалыпты. Долларға деген сұраныстың артуын Бас банктегілер шекара асушылар санының көбеюімен байланыстырады. Әрі жұрт шетелге жиі ақша аударатын болған. Оның үстіне халықтың девальвациялық күтулері жоғарылап кетті. Бұл да жағдайға әсер етпей қоймады. Айта кетсек, кеше доллар теңгені тағы 1 теңгеге әлсіретіп жіберген болатын. Бірақ, бүгін қор биржасындағы таңғы сауда-саттықта төл ақшамыз қайта нығая бастады. Яғни, бағам 339-ды құрап отыр. Ал, айырбас орындарында АҚШ-тың 1 доллары 340-341 теңгеден сатылуда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде