{metadescription}
Қазақстандық туристер енді тентіремейтін болды
Қазақстандық туристер енді тентіремейтін болды

Қазақстандық туристер енді тентіремейтін болды

Үкімет Ұлттық банктің «сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы» заңға өзгерістер енгізді. Құжат уақыт жоғалтпай ай соңына дейін парламентке кіреді. Енді, отандастарымызды туристік компаниялар алдап кеткен күнде азаматтарымыз әдеттегідей бөтен елде тентіремей, бірден сақтандыру полисінің қызметіне жүгіне алады.

-Жаңа ғана аяқталған  Үкімет отырысының қортындысы бойынша әріптесім Азамат Алдоңғаров бізбен тікелей байланыста. Азамат, заң жобасының жаңалықтары туралы толығырақ айтып берсең!

-Қайырлы күн, Ерланби! Данияр Ақышев ұсынған заң жобасының жалпы сақтандыру қызметіне енгізер жаңалығы көп. Мәселен, Үкімет әр жазда қайталанатын туристердің проблемасын заңмен шешпек. Оған сәйкес, демалысты сақтандыру қарастырылған. Айта кететіні Ақышевтің сақтандыруы қалта көтерерлік. Бір күні 340 теңге. Оның ішінде туристің денсаулығын, жеке мүлкін, демалысын қауіпсіздендіру қарастырылады. Яғни алғандандар 3,5 млннан 17 млн теңгеге дейін өтемақы алуы мүмкін.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Қазіргі кезде туристер сақтандыру төлемін шетелден қайтып келгеннен кейін, және соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша алады. Сақтандыру оқиғасы басталған турист шетелде қорғалмайды.

Бірақ сақтандыру турпакетке кіре ме, әлде әр демалушы жеке ала ма, әзірге белгісіз. Заң жобасын үкіметте бекітіп алған соң, кетуге асыққан Данияр Ақышев барлық сұрақтарға жазбаша жауап береміз деп, нақтыламады.

-Баяндамадан түсінгеніміз, жоспарда отандық нарыққа шетелдік ойыншыларды кіргізу бар. Ақышевтің айтуынша, әлемнің алып сақтандыру компаниялары бәсекені арттырып, баға саясатына оң әсер етуі тиіс. Қазына да қапы қалмайды, табысы артады дейді ол.

Азамат, Қазақстанға қызығушылық танытқандар бар ма екен? Олар қашан бізге қашан келеді?

-Әзірге бәрі құжат күйінде. Сондықтан бүгін бір де есім ести алмадық. Анығы шетелдіктер әлі Қазақстанның ДСҰ-на толық кіруін күтеді. Бұл шамамен 2020 жыл дейді авторлар. Айтпақшы, тағы бір жаңалық, заң қабылданса сақтандыруды үйден шықпай-ақ сатып алуға болады.

Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы:

-Заң жобасы қабылданған жағдайда сақтандыру компаниясының интернет ресурстары арқылы офиске бармай, немесе агенттің қатысуынсыз сақтандыру шартын жасауға болады. Сондай-ақ сақтандыру төлемін алу үшін онлайн өтініш жасауға болады.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, заң жобасы президент әкімішілігімен келісілген, тас-түйін құжат. Сондықтан Үкіметте де ол артық сұрақ тудырмады, бір ауыздан қабылданды. Премьер жобаны ай соңына дейін парламентке кіргізіп, көп созбай қабылдау керек деді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде