{metadescription}
«Токио сонатасы» фильмі  алматылықтарды таңқалдырды
«Токио сонатасы» фильмі  алматылықтарды таңқалдырды

«Токио сонатасы» фильмі алматылықтарды таңқалдырды

Қорқынышты кино түсіруден алдына жан салмайтын жапондық режиссер Қазақстанға жаңа туындысын алып келді. «Токио сонатасы» деп аталатын фильм қазақ отбасына да тән мәселелерді айқын көрсеткен.

Киеси Куросаваның кезекті туындысын қазақ көрермені тапжылмай отырып қарады. Жапон тілінде сөйлегенімен, кино субтитрмен берілген. Жалпы осы елдің су жаңа кинотуындыларын көрермен әлде де тамашалай алады. Себебі, көрсетілім дәстүрлі «Жапон күзі» өнерфестивалінің аясында өтіп жатыр. Жыл сайын Алматы мен Астанада өтетін шара биыл да табынушыларын көптеп жинаған. Тіпті, әйгілі кино сыншылардың өзі көрермен ретінде келіпті. Бұл шараның басты қолдаушысы «Дегдар» қайырымдылық қоры.   

Олег Борецкий, кино сыншы:

-Киноны көріп, тәнті болдым. Ол Канн фестивалінде де көрсетілді. Картина өзінің шынайылылығымен елітіп әкетеді. Оның «Оскар» алғанын да ескерейік. Ертеңгі көрсетілімді де асыға күтемін. Себебі, Жапон киносын көріп отырып, шығармашылық ләззат аласың.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.