{metadescription}
Алматыда қазылған орды көмбей кеткен жұмысшылардың салғырттығы жұрттың ашуын туғызды
Алматыда қазылған орды көмбей кеткен жұмысшылардың салғырттығы жұрттың ашуын туғызды

Алматыда қазылған орды көмбей кеткен жұмысшылардың салғырттығы жұрттың ашуын туғызды

Айналма жолдың әлегі. Алматыдағы Рысқұлов көшесінің тұрғындары жол жөндеу жұмыстарының зардабын шегіп отыр. Айналма жолдың құрылысы басталғанда белгісіз себептермен көшедегі талдың бәрі оталып, орындары қазылған күйде жатыр. Кептеліс уақытында көліктердің осы жерден айналып өтуі тұрғындарды шаңға тұншықтырып біткен. Ал, жұртшылық жөндеуге жауапты «Базис» компаниясының әлі күнге қол қусырып отырғанын айтып ашынады.

Үй мен ордың арасы бір-ақ қадам. Рысқұлов көшесінің тұрғындары құдды әскери жаттығу өтіп, астан-кестеңі шыққан жерде тұрып жатқандай. Ақпанда басталған айналма жолдың құрылысы әбден әбігерге салған.

Гүлзина Бижанова Алматы қаласының тұрғыны:

- Мына жер шұңқыр. Мына люктердің бәрінің ауызы ашық. Балаларды далаға шығаруға қорқамыз.

Таңдағы қарбаласта иін тірескен кептелістен қашқан көліктер де осы жолмен жүйіткиітін көрінеді.

Әйгерім Сұлтанмұратова Алматы қаласының тұрғыны:

-Кешкілік есік алдына ойната алмаймыз. Кешкілік бір- екі рет өткен кезде балаларымызды қағып кетті. Сол шаң, терезелерді аша алмаймыз.

Бастағы базыналарын айтып, тұрғындар бірнеше мекеменің есігін де қаққан. Бірақ, өгіз аяңға салған олар жауапкершілікті біріне бірі лақтырумен болады екен.

-Айналма жолдың жұмысы жұртшылық жүйкесін жұқартып бітті. Осыдан жарты жыл бұрын мына жерде жайқалған талдардың бұл күні түгі қалмай, өздеріңіз көргендей түгі қалмай қопарылған. Ал, әр жердегі мына шұңқырлардың қандай мақсатта қазылғаны және бастысы қашан көмілетіні әзірге белгісіз. Кішігірім ормандары ойран болған тұрғындардың ашуы қара қазандай.

Жарты жыл бойына шағымға құлақ түрмеген құрылысқа жауапты «Базис» компаниясы, түсірілім тобы жүргенін біліп, өздері келді. Кешірім сұрағандарына қарағанда болған жайдың байыбына енді барғандай.

Ескендір Жұмаділда «Базис» құрылыс компаниясының өкілі:

-Біріншіден, қолайсыздық тудырғанымыз үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. Қолдан келгеннің бәрін істейміз.

Компания өкілдері олқылық орнын бір аптада толтырамыз, шұңқырларды жауып, жолды жөнге келтіреміз дейді. Тұрғындар бұл уәде бос сөзге айналса әділдік іздеп сотқа дейін шағынамыз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде