Еуроның болашағы бұлыңғыр ма?
Еуро барлық валютаға қатысты арзандап жатыр! Біздің елде де шарықтап кеткен Еуропа ақшасының бағасы төмендей бастады. Қазір ол ақша айырбастау орындарында 402-404 теңгеден сатылуда. Ал, әлемдік нарықта бұл валюта санаулы күннің ішінде 1 жарым пайызға құнсызданды. Бұған Германиядағы сайлауда Меркельдің жеңіске жетуі себеп. Тек сайлау күні ол бірден 0,6 пайызға әлсіреген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
26.09.2017
Кеше Германия канцлері, Христиан-демократиялық партиясының көшбасшысы Ангела Меркель парламент сайлауында жеңіске жетіп, төртінші рет билікте қалған болатын. Негізі, саяси доданың мұндай нәтижесі нарықтағы жағдайды тұрақты ұстауы тиіс еді. Бірақ, бұл жолы канцлер жеңіске жеткенімен, бұл оның карьерасындағы бұрын-соңды болмаған төмен көрсеткіш екен. Өйткені, елге миллионнан астам мигрант кіргізген Меркельді немістер бұрынғыдай қолдай қоймаған сыңайлы. Енді жеңіске әрең жеткен "ескі де жаңа" канцлер коалициялық үкімет құрмайынша, еуро бағамы тұрақтанбайды дейді сарапшылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!