Таразда болған алапат өртке қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Таразда түн ішінде тұтанған тілсіз жау тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды. Қызыл жалын жапсарлас салынған үйлерге өтіп, бүтін бір көше от ортасында қала жаздады. Алғашында алаумен өз беттерінше арпалысып көрген жұрттың әрекетінен түк шықпапты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.09.2017
Өршеленіп кеткен өрт сол маңдағы баспананың жатын бөлмесінен шыққан. Кейін күшейіп жанындағы дүкен мен қора-қопсыға лап қойған. Тез тұтанғыш үй жабындылары жағдайды тіптен ушықтырып жіберіпті. Бұл сәтте 9 техника мен қырыққа жуық адам әкелген өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды әзер дегенде ауыздықтады. Дегенмен жалын ортасында қалған дүкен дымы қалмай жанып кеткен. Құдай сақтағанда бұл нысан жұмыс істемейтін болып шықты. Сондықтан адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!