Еліміздің бірқатар облыстарында дүлей дауыл тұрмақ
Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт өзгереді. Желдің жылдамдығы артып, тұман түсіп күн суытады. Табиғаттың бұлай құбылуын Қазақ Ауа-райын болжау орталығы суық антициклонның келуімен түсіндіріп отыр.
Автор: Асыл Махмет
26.09.2017
Батыс пен Орталық Қазақстанда жауын болады деп күтілуде. Кей аймақтарда желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетпек. Ал Қостанай облысында тіпті қар жауады. Қарағанды мен Шығыста тұман болса, Солтүстік Қазақстанда күн ашық. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде үсік жүруі мүмкін. Қазгидромет мамандары енді күн жылымайды деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!