Денсаулық сақтау министрлігі тұмауға ауқымды күрес жариялады
Шенеуніктер бюджеттің 102 миллион теңгесіне 1 жарым миллион адамға жететін ресейлік дәрі сатып алған.
Автор: Жәудір Оразхан
26.09.2017
Елімізде жұқпалы вирусқа қарсы екпе салу науқаны 1-ші қазанда басталмақ. Министрлік "Гриппол" деп аталатын ресейлік препараттарды дайындап отыр. Одан бөлек, Франция мен Голландияда шығарылған вакцина қатар қолданылады. Мемлекет есебінен медицина қызметкерлері, аяғы ауыр келіншектер мен аурушаң балалар екпені тегін қабылдайды. Сондай-ақ, жеке компаниялар өз қаражатына қызметкерлеріне ақысыз екпе салдыртуы тиіс. Ал оның бір дозасының құны 871 теңге.
Мейірім Сұлтанова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы:
-Егудің алдында адамдардың денсаулығы мұқият тексеріледі. Екпеге аллергиясы, созылмалы ауруы болса шанышпаймыз. Яғни вакцина салу кейінге қалдырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!