{metadescription}
БҰҰ Ресейді Қырымға қатысты айыптады
БҰҰ Ресейді Қырымға қатысты айыптады

БҰҰ Ресейді Қырымға қатысты айыптады

Біріккен ұлттар ұйымы Ресейді Қырымдағы адам құқықтарын бұзды және халықаралық құқықтарды сақтамады деп айыптады. Бұл туралы бүкіләлемдік ұйымның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасында келтірілген.

Құжатта 2014 жылдың 22 қаңтары мен 2017 жылдың 12 қыркүйегі аралығындағы деректер көрсетілген. Онда адамдардың оңды-солды тұтқындалуы, зорлық-зомбылыққа тап болып, із-түссіз жоғалуы және тағы басқа жағдайлар айтылған. Әсіресе, үлкен заңсыздыққа тап болған 2014 жылғы референдумға қарсы шығушылар екен. Оның нәтижесі бойынша Қырым Ресей құрамына қосылған болатын. Ал Ресей билігі әзірше халықаралық беделді ұйымның бұл мәлімдемесі жөнінде мүлде хабарсыз екендіктерін жеткізді. Айта кетейік, 2014 жылы Ресей Қырымды өз аумағына қосып алды. Ал Украина оны уақытша жағдайға балап, әлі де өз территориясы санайды. Біріккен Ұлттар ұйымы да Украина ұстанымын қолдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.