{metadescription}
Депутаттар жас отбасыларға төмен пайызбен несие беруді талап етті
Депутаттар жас отбасыларға төмен пайызбен несие беруді талап етті

Депутаттар жас отбасыларға төмен пайызбен несие беруді талап етті

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрмысы төмен тұрғындарға бөлек бағдарлама арнасын. Бүгін депутаттар әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жастарға 5 пайыздан да төмен несиемен баспана берілсін деген ұсыныс жасады.

Марат Бопазов, Мәжіліс депутаты:

-Әскерилерді үймен қамтамасыз ету шаралары қаралған болатын. Сонда үймен қамтамасыз етілгенге дейін  5 пайыздан банктен несие беріледі деп. Сол жағдайды мына  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жастарға үй алуға соның пайызын төмендетуге бола ма деген ұсыныстар бердік.

Өйткені, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биыл 17 миллиард табыс тауыпты. Депутаттар сол қаржының есебінен баспанаға берілетін несиенің 5 пайыздан да төмендетуге болады дейді. Қазір елімізде 2 жарым миллион адам үй алу үшін кезекте тұр екен. Олардың көбі жас отбасылар мен жоқ-жітік жанұялар. Айта кету керек, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін үйлердің шаршы метрі аймақтарда 140 мың теңгеге дейін жетеді. Алматы, Астана, Ақтау, Атырауда 180 мың теңге. Бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан баспаналарды талқылаған депутаттар Үкімет  мүшелеріне тағы бір ескерту жасады. Мәжілісмендерге бір типті көпқабатты үйлер де ұнамайды екен. Ал шенеуніктер мемлекеттік бағдарламаға сай   Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Қостанайда сыртқы сәулеті бірдей 2 мыңға жуық  үй салмақ.

Анар Жайылғанова, Мәжіліс депутаты:

-6 аймақта бір типті үй салып, кеңестік менталитетке қайта оралмақсыздар. Әр өңірдің өз ерекшелігі болуы қажет. Сонда туризм де дамиды. Ақтөбе Павлодарға, Петропавл Шымкентке ұқсамауы тиіс. Ақша бөлінді, енді соны дұрыс жұмсауға  болмай ма?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде