Алматыда жылу мен жарық бағасы қымбаттағалы жатыр
Бұл оңтүстік астанадағы Екінші жылу беру орталығының газға ауысуына байланысты екен.
26.09.2017
«Алматы электр станциялары» компаниясы басшылығының мәлімдеуінше, Екінші жылу электро орталығын көгілдір отынға ауыстыру үшін бірінші кезекте қауіпсіздікті күшейту керек. Бағаның өсуіне әсер ететін басты фактор да осы. Ал оның газға өтуіне ауаға шашатын зиянды қалдықтары себеп. Қазіргі таңда мекеме Алматы ауасын ластаушылардың көшін бастап тұр. Қазгидромет былтыр жылу электр орталығы ауада қалдыратын зиянды қалдықты тоғыз пайыз деп есептесе, Энергетика министрлігі бұл көрсеткіш 11 пайызға жетті деген-ді. Бірақ осы мәселе көтерілгенде «Алматы электр станциялары» ТЭЦ-2-ні газға ауыстыру мүмкін емес, себебі, қала сейсмикалық аумақта орналасқан деп басын ала қашты. Алайда, президенттің Алматыға сапарынан кейін бұл мәселе шешімін тапты. Енді ТЭЦ-2 2020-шы жылға дейін толықтай газға көшуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!