Өткен түнде батыс өңірдегілерді аспанға телмірткен көрініс баллистикалық зымыран болып шықты
Ол Ресейдің Астрахань облысындағы Капустин яр сынақ алаңынан ұшырылып, біздегі Сарышаған әскери полигонындағы діттеген межесіне жетіпті.
Автор: Жанар Низамутдинова
27.09.2017
Атыраулықтардың ойын сан-саққа жүгірткен құбылыс кеше түнге жақын болды. Аспанда аяқ астынан жарқыраған шар пайда болып, аз уақыттан соң қара түнекке сіңіп жоғалған еді. Осыған орай, жұрттың арасында туындаған дүдәмалға ресейліктер түсініктеме берді. Айтуларынша, оны ұшырудағы мақсат – құрлықаралық баллистикалық зымырандарды әскери жарамдылығын тексеру екен. Ол ойдағыдай жүзеге асып, зымыран Сарышағанға жеткен. Еске сала кетейік, Бетпақдаладағы біздің әскери полигонды Ресейдің Қорғаныс министрлігі 1996 жылдан бері жалға алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!