Алматыда қонақүйден шыққан өрттің кесірінен үш бірдей отбасы бала-шағасымен далада қалды
Қонақүйдің кесірінен қаңғып қалды! Кешеннен тараған жалын кеше түнде үйлерге өтіп, тұрғындары тірідей өртене жаздаған.
27.09.2017
Кешкі жетілерде тұтанған жалын шатырдан өтіп, баспананың ішіне енген. Талай мәрте айтылған қарсылыққа қарамастан, тұрғынүйлерге тақап қонақүй салған кәсіпкердің өзі болса, ұшты-күйлі жоқ. Жұрттың тынышталуын күтіп жүрсе керек. Ал өрт шыққан төрт қабатты қонақүйдің екі қабаты түгелдей өртеніп кеткен. Ғимараттың тек бірінші қабаты ғана сау, десе де төбесі әне-міне құлағалы тұр. Осымен жұртқа үшінші мәрте кесірін тигізген кәсіпкер мұның алдында да өртегендері үшін де бір рет те өтемақы төлемепті. Зардап шеккендердің бірі Сәрсенбаевтар отбасы. Жалын тарағанда үйде шиеттей төрт бала ойнап жүріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!