Алматыдағы Қытай консулдығында тағы да жанжал
2 айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген отандастарымыз бүгін де айқайға басты. Әрі мұндай жағдай консулдықта жиі қайталанады. Сөйтсек, жұрттың ішке кіре алмауына сыртта тұрған полицей мен күзетшілер кінәлі екен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
27.09.2017
Сақшы мен күзетшілер бұл жерді бизнеске айналдырған деп ашулы жұрт. Өйткені, соларға ақша бергендер ғана консулдыққа кезексіз кіретін көрінеді. Ал, бармақ басты, көз қыстыға шамасы келмейтіндердің табалдырық аттауы мүмкін емес. Жұрт виза алу үшін тіпті осында түнеуге мәжбүр. Өйткені, көбі өзге қаладан келген. Бірақ, таңғы 4-тен бастап тұрған кезектен де еш пайда болмапты. Қытай консулдығындар да сырттағы қызметкерлердің ақша жинайтынын растады. Әйтпесе, іштегі жұмыс уақытылы жүргізіліп жатыр екен. Сол оңай пайданы көздегендермен күресу үшін қытайлық дипломаттар Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы өкілдеріне хат та жолдапты. Қазір олардан жауап күтіп отыр. Алайда, күзетшілер мұны нақақтан-нақақ жабылған жала дейді.
Айбол Мұңайтпасов, Қытай консулдығының күзетшісі:
- Айлап жүр адамдар. Соларды көріп жүрміз ғой біз. Соларды көріп жүргеннен кейін мен айта алмаймын ақша аламыз деп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!