{metadescription}
Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен отандастарымыз елге қайта алмай жатыр
Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен отандастарымыз елге қайта алмай жатыр

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен отандастарымыз елге қайта алмай жатыр

3 бойжеткен мен 4 жігіт Анталия қаласында бара жатқанда олар мінген такси жеңіл көлікпен соқтығысқан. 3 түрік азаматы сол жерде мерт болса, жерлестеріміз құдай сақтап аман қалды. Бірақ жарақаттары өте ауыр. Қазір зардап шегушілер аурухана төсегіне таңылған. Енді оларды Қазақстанға жеткізу қиынға соғуда. Қазір студиямен астаналық әріптесім Досжан Маратұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Қайырлы күн Досжан! Жол апаты туралы толығырақ айтып берсең...

-Қайырлы күн Ерланби! Негізі жантүршігерлік жол апаты 6 күн бұрын болған екен. Содан бері өлім мен өмірдің арпалысқан жерлестеріміз тілге келіп, көмек сұрады.

Апат "Кемер-Анталия" тас жолында болған. Міне мына кадрлер оқиға орнында түсірілген. Анталияға демалуға бара жатқан жерлестеріміз мінген шағын минивен қарсы бетте жоғары жылдамдықпен жүйіткіген көлікпен бет-бет соғылыпты. Ондағы үш түрік азаматы мен қыз-жігіттерімізді апара жатқан таксиші сол жерде бірден жан тапсырған. Ал, отандастарымыз қайта құдай сақтап аман қалып отыр. Десе де, демалуға өз беттерінше барғандықтан олардың медициналық сақтандырулары болмапты. Сондықтан ауруханада операция жасау кезінде біраз қиындықтар туындаған.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған, өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушінің сақтандыру компаниясы өзіне алатыны болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде.

-Досжан, қазір отандастарымыздың жағдайы қалай?

Өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ, үшеуінің жарақаты ауыр. Яғни, екі жігіттің жамбасы сынған, тағы бірінің миы қатты шайқалған. Оның үстіне бірінің көзі көрмей қалған екен. Бұл үшеуі қазір өз бетінше қозғала алмайды. Оларды ұшақпен жатқызып жеткізу керек. Бірақ, мұндай әуе қызметі адам басына бір жарым миллион теңге шамасында екен. Ал, депутаттар «Туристік Қамқор» қорының қол қусырып отырғанына қапалы.

Айтуларынша, қазақстандықтарды елге солар қайтаруы тиіс.

Дания Еспаева, Мәжіліс депутаты:

-Қиын жағдайда қалған қыз-жігіттеріміз «Қамқор» қоры мен «Эйр Астанаға» хабарласып көмек сұрапты. Бірақ, нәтиже жоқ. Мұндай жағдайда «Қамқор» туристерге көмектесуі тиіс. Бұл олардың тікелей міндеті.

-Досжан, "Қамқор" қоры бұл айыптауларға қатысты мәлімдеме жасады ма?

Иә, "Қамқор" қоры қыз-жігіттердің Түркияға өз бетімен барғандарын мәлімдеді. Яғни , туркоды, не туристік компаниялармен келісім шарты болмаған. Сондықтан заң бойынша көмектесе алмайтындарын айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде