Петропавлдық монополистер есептегіш құралы жоқ үйлерді жылудан және ыстық судан ажыратпаймыз деп сендіруде.
Айтуларынша, жұрт оларды дұрыс түсінбей қалған. Бүгіннен бастап шаһарда жылу беру маусымы басталды. Енді бірте-бірте тұрғын үйлердің бәрі жылумен қамтылуы тиіс.
Автор: Әйгерім Шакаманова
27.09.2017
Десе де, арнайы есептегіші жоқ баспаналардың есіктерінде «қыста мүлдем жылу бермейміз» деген хабарландырулар әлі де ілулі тұр. Ал жаңа құрылғылар әзірге Петропавлдағы мыңнан астам көпқабатты үйлердің тек жартысында ғана орнатылыпты. Қалғандары жылу ақысы қымбатқа шығып кетеді немесе үйіміз суық болады деп қасарысып отыр. Жылу маусымы басталмай жатып, жұрт пен жылу беретін компания арасындағы бұл дау жөнінде кеше хабарлаған болатынбыз. Бүгін ешкімді де жылусыз қалдырмаймыз деп сендірген монополистер жұртты алаңдатқан әлгі хабарландырулар ескі деп отыр.
Игорь Рыбас, «Петропавл жылу жүйесі» ЖШС бас директоры:
– Үй дайын болса, есептегіш құралдарының бар-жоғына қарамай жылу беріледі. Ешкімді де жылусыз қалмайды. Тек 21 үйде ыстық су өшірілді. Бұл жылу маусымына қасақана дайындалмағандар болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!