{metadescription}
Алматы облысындағы саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зар боп отыр
Алматы облысындағы саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зар боп отыр

Алматы облысындағы саяжай тұрғындары қоғамдық көлікке зар боп отыр

Мектепке бару машақат. Бар қиындықты сол жердегі оқушылар көруде. Бір жылдан бері күндері бір автобусқа қарап қалған. Оның өзі әр кез толық болып, жиі сыймай қалады. Салдарынан сағаттап жол үстінде тұруға мәжбүр. Ал, жергілікті билік болса, саяжай үшін бюджеттен қаржы қарастырылмаған деп отыр.

Іле ауданындағы Энергетик саяжайының тұрғындары, қоғамдық көліктің тапшылығынан әбден зарыққан. Таң ата оқуға аттанатын оқушылар мен студенттер білім ордасына жету үшін үш- төрт сағат бұрын жолға шығуға тура келеді.Себебі,бұл жерден автобус жүрмейтініне біраз уақыт болыпты.Ал оқушыларды таситын жалғыз автобус, осы саяжайға жеткенше лық толып кетеді екен.

Әсел Әбділдаева,Саяжай тұрғыны:

-Кішкентай автобусқа үш мектептің оқушысы сыймайды. Кешке қарай жарты бала 7 сабағы бар, 6 сабағы бар балалар қалып қалады. Бір саяжайда 256 оқушы бар , студенттер бар қаншама зейнеткер  бар.

Осыған дейін саяжай ішімен үш бірдей қоғамдық көлік жүрген екен.Алайда, жеке меншік компания тендер ұтып алғаннан бері бағыттары ауысып күре жолмен жүретін болыпты. Тұрғындар осы жолдың жағдайы бойынша сан мәрте әкімшілікке барған.Тіпті,тым болмағанда техника жағымен көмек сұрапты. Алайда,олар осы күнге дейін құрғақ уәдемен сендіріп келген. 

Қазір тұрғындар деттеген жерлеріне жету үшін бірнеше шақырымды жаяу жүріп Алматы – Жетіген тас жолына шығуға мәжбүр болып отыр. Ал, онда күре жол болғандықтан жаяулар өткелі жоқ. Көліктер жоғары жылдамдықпен зулап өтуде. Оқу басталғалы баласын күткен ата-ананың басты жұмыстары осы жолды қарайлау.Ал, Байсерке ауылдық округы әкімдігінің айтуынша Саяжай жолдарын жөндеуге жергілікті бюджеттен  ақша бөлінбейді. Алайда, оқушылар тасымалына көмектесеміз деп уәдені үйіп-төкті.

Асқат Қажиев , Байсерке округ әкімінің орынбасары:

- Жөндеу жұмыстарын  аяқтасақ ол жерден автобус өтеді. Бәрі орнына келеді

Шенеуліктердің сөзіне сенсек жақын арада оқушылар еш бір қыйындықсыз мектепке бара алады.Ал,әзірге жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тұрғындардың жол күзетуден  басқа амалдары жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде