Батыс жұртын шошытқан түнгі көрініске министрлік жауап берді
Еліміздің батыс өңірінің тұрғындарын шошытқан түнгі көрініске қатысты Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері түсініктеме берді. Оларға сенсек, Ресей қазақтарға зымыран ұшырамыз деп ескерту жасауға міндетті емес көрінеді. Яғни бұл Мәскеудің өз шаруасы және еліміздің шекарасын бұзған болып есептелмейді.
Автор: Жанар Низамутдинова
27.09.2017
Ал, баллистикалық зымырандардың төбемізден ұшып өтуі еліміздің аумағына титтей де зиян тигізбейтін көрінеді. Сондықтан байбалам салудың қажеті жоқ, - дейді министрліктегілер. Дегенмен, зымырандарын зуылдатып, алып елдердің аспанын астан-кестен қылып отырған Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын секілді Ресейдің баллистикалық зымыранының қазақтың төбесінен жиі ұшуы - жақсылықтың белгісі емес секілді. Айта кетейік, тұрғындардың ойын сан-саққа жүгірткен құбылыс кеше түнге қарай болды. Аспанда аяқ астынан жарқыраған шар пайда болып, аз уақыттан соң қара түнекке сіңіп жоғалған еді. Осыған байланысты жұрт арасында түсінбеушілік туындаған болатын. Сөйтсек, Ресейдің Капустин ярынан ұшырылған зымыран еліміздегі Сарышағанға жетіпті. Ал, Бетпақдаладағы біздің әскери полигонды Ресейдің Қорғаныс министрлігі 1996 жылдан бері жалға алып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!