{metadescription}
Маңғыстаулық шекарашылар шекараны бұзып, браконьерлікпен айналысқан әзірбайжандықтарды ұстады
Маңғыстаулық шекарашылар шекараны бұзып, браконьерлікпен айналысқан әзірбайжандықтарды ұстады

Маңғыстаулық шекарашылар шекараны бұзып, браконьерлікпен айналысқан әзірбайжандықтарды ұстады

Астарындағы қайықтарының мықтылығына сенсе керек, ә дегеннен бұйрыққа бағынбаған олар Каспийде бір сағат бойы қашып жүрді. Тек шекарашылар оқ атқаннан кейін ғана амалсыз тоқтауға мәжбүр болды. 

Бірақ қайықтағы 3 браконьер Каспийден тапқан олжаларын теңізге қайта лақтырып үлгеріпті. Дегенмен, шекарашылар бағалы бекірелердің қай тұсқа лақтырылғанын анықтап, тауып алды. Одан бөлек ұзындығы 35 шақырымға жететін балық аулау құралдары да тәркіленді. Қазақстанға бірнеше сағатқа ғана келген көршілердің табыстары да жаман болмай шықты. Олар бірнеше сағатта 70 шақты бекіре мен бір итбалықты торға түсіріп үлгерген.

Данияр Малшыбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі аймақтық жағалау күзеті басқармасының штаб бастығы:

- Ұсталғандардың арасында мектеп мұғалімі де бар. Оларға шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылып отыр. Біздің елімізге браконьерлікпен айналысу үшін келгендерін мойындады. Сотқа дейін қамауда болады. Ал, ұсталған бекірелерді теңізге қайта жібердік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде