{metadescription}
Шымкентте бойжеткенді ұрып құлатқан полицейдің видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр
Шымкентте бойжеткенді ұрып құлатқан полицейдің видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр

Шымкентте бойжеткенді ұрып құлатқан полицейдің видеосы әлеуметтік желіні шулатып жатыр

Полицейдің соққысы! Бүкіл ішкі істер органдарын масқаралаған оқиға бүгін Шымкентте болған.

Қала орталығында орналасқан дәмхана алдында 5 полицейдің екі бойжеткенді сүйреп, көлікке кіргізе алмай жүргені анық түскен. Даудың не үшін шыққаны белгісіз. Бірақ, кенет полицейдің бірі жас қызды ішінен ұрып жібереді. Бұл соққыдан бойжеткен бүгіліп құлап түскен кезде дәмханадағы даяшылар  мен кездейсоқ өтіп бара жатқандар ғана көмекке келді. Ал қызға әлі жеткен жуан жұдырықтының өзі көлік ішінен мүлдем шықпай қойды. Бұл оқиғаға қатысты ішкі істер департаментіндегілер жарытып жауап та бермеді. Тек дөрекі полицейдің масқара қылығы көрсетілген видеоны енді ғана зерделеп жатыр екен.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде