{metadescription}
Қазақстанда басынан дау арылмаған тағы бір бағдарлама жабылып тынғалы тұр
Қазақстанда басынан дау арылмаған тағы бір бағдарлама жабылып тынғалы тұр

Қазақстанда басынан дау арылмаған тағы бір бағдарлама жабылып тынғалы тұр

Бүгін депутаттар нашақорларды метадонмен емдеуді мүлдем тоқтатуды тағы талап етті. Өйткені оңалту орталықтарындағы инеге тәуелділерге берілетін синтетикалық есірткіден түк пайда болмаған.

Меруерт Қазбекова, Мәжіліс депутаты:

- Ішкі істер министрлігі метадон бойынша пилоттық жобаны мүлдем тоқтатсын. Және бағдарламаның нәтижесін жұртқа жариялауды талап етеміз. Елімізде аталған препаратты пайдалануға тыйым салынсын. Өйткені, тәуелсіз сарапшылар метадоннан мерт болғандардың саны күрт өскенін айтып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 жылдан бері метадонмен емделуге мыңнан астам науқас келген. Оның 77 пайызы сол күйі ауруынан айықпай, ем-дом қабылдауды тастап кетіпті. Министрлік 2008 жылдан бері Алматы, Өскемен, Қарағанды, Семей, Тараз, Қостанай мен Екібастұздағы оңалту орталығы есірткіге тәуелді науқастарға дәл осы метадонды беріп,  емдеп келеді. Ал метадон кәдімгі героин мен морфиннің баламасы дейді депутат. Денсаулық сақтау министрлігі пилоттық бағдарлама аяқталған соң бюджеттен қыруар қаржы бөлдіріп, метадонды заңдастырып алмақ деген күдігі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.