{metadescription}
Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды
Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды

Алматыда Қытай консулдығынан виза ала алмаған жұрт шу шығарды

Алматыдағы Қытай консулдығында тағы да жанжал! 2 айлап мекеменің табалдырығын аттап баса алмай жүрген отандастарымыз бүгін де айқайға басты. Жұрт ұзын-сонар кезекке тұрғанымен, оның еш көмегі жоқ деп ашулы. Өйткені, кезекті сатып алғандар ғана ішке кіреді екен. Табан астынан ақша тауып жүргендер - сырттағы күзетшілер көрінеді. Ал, Қытай консулдығы олармен күресу үшін біздің министрліктерге дейін хат жолдапты. Бірақ, ведомствалар 5 айдан бері жауап қатпаған. Міне, енді соның кесірі қарапайым тұрғындарға тиіп жатыр.

Ашулы жұрт консулдықты айналшықтап шаршаған. Олардың осылай тентіреп жүргеніне 2 айдан асыпты. Күнде таңғы 4-тен осында беттегенімен, кешке табалдырық аттамастан  кері қайтады.

Болат Шайқы:

- Алматы қаласындағылар, жарайды, келеді-кетеді. Жақын жер. Онда да жұмысын тастайды. Уақыты кетеді. Ал, енді Талдықорғаннан, Ұзынағаш жақтан келгендер бар. Олар қайтеді?!

Расымен, виза үшін өзге қаладан келгендер көп. Кейбірі, тіпті, далада түнеуге мәжбүр.

Күлпаш Ақи:

- Далада түнеп жүрмін, қарақтарым. Ақшам да таусылды, міне. Жаны ашып, әркім алып кетеді үйіне мені.

Еңкейген қария да, еңбектеген бала да мекеменің ішіне кіре алмай әбден шаршаған. Тіпті, осы жағдайдың кесірінен туған әкесінің жаназасына бара алмай жүргендер де бар.

Гүлмира Мәмет:

- Менің әкем өліп қалды. Жете алмай жатырмын әкеме.

Жүзден аса адам күнде таңертең өзара кезекке тұрады. Тек оның пайдасы шамалы. Айтуларынша, консулдыққа кіре берісте тұрған күзетші мен сақшыға ақша бергендер ғана ішке кіріп, құжатын реттей алады. Ал, жағдайы жоқтары осылай қала береді екен. Бірақ, кезек сатып, бизнесін дөңгелетті деп айыпталған күзетшілердің өзі мұның бәрін жоққа шығарды.

Айбол Мұңайтпасов, Қытай консулдығының күзетшісі:

- Айлап жүр адамдар, көріп жүрміз ғой. Мен айта алмаймын ақша аламыз деп.

Жұмысшылардың өзі мұны жала дегенімен, Қытай консулдығы олардың жұрттан ақша алатынын растады. Өйткені, мұндай жағдай бұрын да тіркелген. Сөйтіп, күзетшілер бірнеше рет ауыстырылыпты. Бірақ, бірінің айласы бірінікінен асып түсуде. Әйтпесе, мына ғимараттың ішіндегі жұмыс қалыпты жүріп жатыр.

Қараша халық тұрмақ, пайдақор күзетшіден консулдықтың өзі шаршаған. Сондықтан, мамырда Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің Алматыдағы өкілдеріне хат жолдапты. Онда жұрттан ақша жинап, оңай пайданы көздеген азаматтармен күресуді өтінген. Алайда, 5 айға жуық уақыт өтсе де қос ведомства үнсіз. Әзірге консулдық олардан жауап күтіп отыр. Бүгін біз де қос министрліктен тұщымды жауап ала алмадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде