Мексикада аспаннан балық жауды
Елдің солтүстік шығысындағы Тампико қаласында күн бұлттанып нөсер құйып соңынан ұсақ балық төпелеген.
Автор: Асыл Махмет
28.09.2017
Тұрғындардың зәре-құтын қашырған бұл құбылыс табиғатта сирек болса да кездесетін жәйт деп түсіндірді мамандар. Көбіне бұндай жағдайлар торнада жүргенде болады екен. Құйын көлдің үстімен өткенде суды және ондағы жәндіктерді кей жағдайда құстарды да ұшырып әкетеді. Ал боран басылғанда олар жауын боп жерге түседі. Құйынмен көтерілген бақа-шаяндар теңізден бірнеше шақырым жерге құлауы мүмкін. Сондықтан мексикалықтардың алаңдауына дәнеңе жоқ дейді метеорологтар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!