Украина президентінің жақтастары төбелес шығарды
Бюджет мәселесін қарауға жиналған Киевтің Радасында Порошенконың партияласы жиын басталмай жатып, басқа әріптесіне жұдырық ала жүгірген.
28.09.2017
Осылайша, саяси маңызды отырыстың соңы накаутпен аяқталды. Раданы рингке айналдырған президент «Петр Порошенко блогының» депутаты екен. Президиумға рұқсатсыз көтерілген Виталий Карлюк Киев облыстық Радасының төрағасы Анна Стариковадан микрофонды жұлып алмақ болған. Алайда, араға басқа депутат түсіп Карлюк оның тұмсығын бұзды. Таяқ жеген «Батькивщина» партиясының өкілі. Қазір бір-бірімен қас фракцияның депуттары бірінің үстінен бірі арыз жаудырып жатыр. Ал облыстық рада төрағасы болса Порошенкодан бетімен кеткен депутаттарын тәртіпке келтіруді талап етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!