Трамп Испания премьер-министрінің атын ұмытып қалды
Трамп тағы өзінің стилінде! Испания премьер-министрімен кездескен АҚШ президенті, бұл жолы мәртебелі мейманының аты мен лауазымын шатастырып, жұрттың алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырды.
28.09.2017
Испания премьері Мариано Рахойды «президент» деп атаған Трамп түк болмағандай әңгімесін әрі қарай жалғастырған. Екі ортада Рахой мінберде тыпыршып қалды. Премьерді президентпен шатастырған Трамп, әңгімені қыздырып отырып Испания үкіметі басшысының атын да есіне түсіре алған жоқ. Тіпті кейін де Твиттерінде Испания корольдігінің біртұтастығын қолдайтынын білдірген Ақ үй қожайыны Мариано Рахойды «Марианору Джой» деп жазып жіберіпті. Жұрт мұны қалжың ретінде қабылдаса, ал испандықтардың Трампқа ренжіп қалған сыңайлы. Көпшілік күлкі қылған кездесу Каталония мәселесіне арналған болатын. АҚШ Испания билігіне қолдау білдіріп, одан бөлініп шығуды көздейтін каталондықтарды сынап сөз сөйледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!