{metadescription}
Алматы әуежайының маңында ұшақ өртенді
Алматы әуежайының маңында ұшақ өртенді

Алматы әуежайының маңында ұшақ өртенді

Әлеуметттік желіде тараған бейнежазбада алыстан көрінген қою түтін жұрттың зәресін алған. Куәгерлердің айтуынша, біраздан бері бір орында тұрған ұшақ бүгін аяқ-астынан отқа ораныпты. Ал, жалынды ауыздықтауға екі-ақ өрт сөндіру көлігі келген.

Кейін анықталғандай, көпшіліктің үрейін ұшырған оқиға оқу-жаттығу жұмыстары болып шықты. Алматы Халықаралық әуежайы өкілдерінің айтуынша, таңертең әуежай аймағындағы арнайы полигонда апаттық-құтқару тобының жаттығуы өтіп, құтақарушылар әуе лайнері мен төгілген жанармайдың орнын сөндірген. «Мұны әрі-бері өткен жұрт өрт деп ойлап қалған» дейді олар. Төтенше жағдайлар комитеті де, бұл жаттығуға тек қана әуежайдың өрт сөндіру қызметкерлері қатысқанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде