Елімізде картоптың құны 300 теңгеге жетуі мүмкін
Ірі сауда желілеріндегі бағаларға зерттеу жасаған сарапшылар осылай дейді. Бұның себебі, өткен егістік кезінде диқандар жанармайға, автобөлшектерге, сондай-ақ, тыңайтқыштарға айтарлықтай шығынданып қалған көрінеді.
28.09.2017
Енді соның салдарынан әдетте көтерме бағасы 35 теңге тұратын картоп қазір 55 теңгеден саудаланып жатыр. Күздің аяғына қарай бүкіл өнімді жиып алған кезде тағы қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені, қоймаға түскен өнімнің аздап шығыны болады. Ал, шаруаға оның орнын толтыру керек. Көкөністердің ішінде қымбатшылыққа қатты ұрынғандардың бірі қияр болып отыр. Оның себебі, қазір егістіктегі қиярдың бәрі жиналып болды. Пияз бағасы да көтеріле бастады. Ал сәбіз 15 пайызға, қырыққабат шамамен 7 жарым пайызға, қызанақ 7 пайызға қымбаттады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!