{metadescription}
Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзі абақтыға жабылды
Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзі абақтыға жабылды

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзі абақтыға жабылды

Шымкентте тәртіп сақшысының қызды ұрғанын көрсететін видеосы әлеуметтік желіні шулатқан еді. Енді өз қызметкерлерін ақтап жатқан ішкі істер органдары мәселенің қалай болғанын айтып, соққыға жығылған қыздардың видеосымен бөлісіп жатыр.

Полицияның мәліметі бойынша, тәулік бойы жұмыс істейтін дәмханадан шыққан жігіт пен бірнеше қыз өзара төбелесіп қалған. 26 жастағы жігіт қыздарды ұрып жатқан соң оларды ажыратуға келген полицейлерге сотқар жігіт пен оның жанындағы екі қыз жабыла кетіпті. Тіпті, былапыт сөздер айтып, погондарын жұлған. Осыған шыдай алмаған полицейдің бірі қызды ішінен түйіп қалған. Қазір қызға жұдырық жұмсаған полицейлердің әрекеті тексеріліп, ал соққы алған қыз бен оның жігітіне қатысты «бұзақылық» және «билік өкіліне күш көрсету» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де уақытша қамау абақтысында жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.