{metadescription}
Жамбыл облысында бір әулеттегі үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы басталды
Жамбыл облысында бір әулеттегі үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы басталды

Жамбыл облысында бір әулеттегі үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы басталды

Меркі ауданында болған қайғылы оқиғаға кінәлі ретінде жергілікті тұрғын Нұрболат Шолпанқұлов жауапқа тартылып жатыр.

Бұл сот ісінің дау-дамайы көп болатын тәрізді. Өйткені алғашқы отырыстың өзінде жәбірленушілер мен кінәлі тараптың жақындары бір-бірлерімен жиі шекісіп, судьядан ескерту алып жатты. Ал, Нұрболат Шолпанқұлов өзіне тағылған айыпты толық мойындап отыр. Ол марқұмдардың жақындарынан қайта-қайта кешірім сұраумен болды. Еске салсақ, шілде айында той кортежіне ілескен Гелендваген жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Ладамен бетпе-бет соғылған. Салдарынан екінші машинадағы үш адам сол жерде жан тәсілім етсе, тағы екі жолаушы ауруханаға ауыр халде түскен. Енді марқұмдардың жақындары, әсіресе, осы жол апатының кесірінен әйелі мен ұлынан айырылған Ағапаша Амрулаев күдіктіні ең қатаң жазаға кесуді талап етуде.  

Ағапаша Амрулаев, Андас батыр ауылының тұрғыны:

- Ол менің шаңырағымды ортасына түсірді. Мұндай адамдар бостандықта жүрмеуі тиіс. Түрмеде ұзақ отырса ғана түзеледі деп ойлаймын. Ең кемі 17-18 жыл беру керек. Егер сот әділ шешім шығармаса, онда Жоғарғы сотқа шағым түсіремін. Ол мені жалғыз қалдырды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.