{metadescription}
Тікелей эфир: Түркияда ірі жол апатынан аман қалған отандастарамыз елге орала бастады
Тікелей эфир: Түркияда ірі жол апатынан аман қалған отандастарамыз елге орала бастады

Тікелей эфир: Түркияда ірі жол апатынан аман қалған отандастарамыз елге орала бастады

Әзірге тек үшеуі келген. Ал, кереуетке таңылған жерлестеріміздің қалғаны әлі Анталия ауруханасында жатыр.

-Соңғы ақпарат бойынша қазір Түркиядағы жантүршігерлік апаттан аман қалған үш жерлесіміз елге оралды. Бақтияр, Диляра және Вадим есімді азаматтарымыз қазір Талдықорған қаласында. Бұлардың жарақаты жеңіл болғандықтан, ұшаққа билетті өздері сатып алып ұшып келіпті.

Ал, Анталияда төрт жерлесіміз қалған.Оның үшеуі ауыр жараланғандар. Және біреуі сол кереуетке таңылған Алмагүл есімді келіншектің  күйеуі.

Оларды елге алып келу үшін қазір санитарлық авиация Анталияға ұшып кетті. Және Қазақстан тарапы науқастарды ұшақпен тасымалдау үшін Түркия клиникасының рұқсатын күтін отыр. Бірақ, бұл сұраққа торлығырақ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берсін.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Қалған төртеуі, оның ішінде үш қозғала алмайтын азаматтарымыз жоспар бойынша бүгін Анталиядан түстен кейін Қазақстанға санавияцияның арнайы рейсімен Қазақстанға келуі керек. Алматыға келеді деп жоспарланып отыр, кешке. 

Иә, мұндай әуе қызметі әр науқас үшін шамамен бір жарым миллион теңге шамасында. Оның үстіне жерлестеріміздің медициналық сақтандыруы жоқ екені белгілі. Бірақ, барлық шығынды Үкімет өз мойнына алып отыр.  Айта кетейік, Түркиядағы жантүршігерлік жол апаты тура бір апта бұрын болған. Жеті бірдей жерлесіміз яғни, 3 бойжеткен мен 4 жігіт мінген минивен Анталияға бара жатқанда жеңіл көлікпен соғылған. Қатты соққыдан екінші көліктегі үш түрік азаматы мен жерлестеріміздің жүргізушісі де бірден қаза тапқан. Құдай сақтап тек отандастарымыз ғана аман қалған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде