Семей зообағы қуанышымен бөлісті
Семейдің зообағында еуропалық кермарал төлдеді. Кішкентай лақтың дүниеге келгеніне 25 күндей болған. Алайда оны алғашында ерекше қамқорлыққа алған мамандар осы уақытқа дейін құпия ұстап келіпті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
28.09.2017
Әйгерім Жағыпарова, Зоология үйірмесінің жетекшісі:
-Осы бірнеше күндер аралығында ғана енесі Бэмби өзінің төлін далаға шығарып, тор ішінде еркін жүруге үйретіп жүр. Сол себепті біз, оқушылармен бірге, оларға тағам беруге бел будық.
Тіпті, ол адамдарға да үйреніп қалған. Мандар оны тамашалау үшін биологиялық орталыққа келетіндердің қатары көбейгенін жеткізді. Сондықтан балалар бүгін Кербұғы күнін атап өтіп отыр екен. Олар жануарларға өздерінің сүйікті астарынан дәм татқызды. Жұдырықтай бұғыны көріп мәре-сәре болған балалар оны өмірге келуімен де құттықтап үлгерді. Енді, жас төлге ат қою үшін оқушылар арасында байқау жаряланып отыр. Ал оның Еуропадан әкелінген енесі - Бэмби жергілікті ауа райына әбден беймделіп алған. Сондықтан ол өмірге лақ әкелуді жыл сайын әдетке айналдырыпты. Биыл үшінші рет төлдеп отыр. Оның Жемчужинка деп аталатын өткен жылғы төлін орталық мамандары өздеріне алып қалған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!