{metadescription}
Павлодарда Сұлтанбет Баһадүр тұрған орданың көшірмесі бой көтерді
Павлодарда Сұлтанбет Баһадүр тұрған орданың көшірмесі бой көтерді

Павлодарда Сұлтанбет Баһадүр тұрған орданың көшірмесі бой көтерді

Павлодарда 18-ші ғасырдың соңында өмір сүрген Сұлтанбет Баһадүр тұрған орданың көшірмесі бой көтерді. Үш ғимараттан тұратын резиденцияны салуға әйгілі сұлтанның ұрпақтары демеушілік жасаған.

Тарихи мәліметтерге қарағанда, Сұлтанбет Баһадүрдің үш бірдей ордасы болған. Ал Орынбор мұрағатындағы құжаттарда оның үйінің Ертіс өңірінде болғаны туралы мәлеметтер табылды. Бұған қоса, биыл Павлодар қаласынан 7 шақырым жерде оның қысқы резиденцияның да орны анықталған. Осы сияқты дәлелдердің басын қосқан тарихшылар көрнекті қайраткерге тиесілі нысанды қайта тұрғызуды жөн санапты. Сөйтіп, кішірейтілген көшірме үйдің макеті де салынған. Құрылысқа арналған кірпіш Екібастұз қаласынан әкелінсе, қарағайлар Ресейдің Красноярск өлкесінен жеткізіліпті. Үш нысаннан тұратын орданың бір ғимараты мұражай, тағы екеуі археологиялық зертхана болады деп күтілуде. Ал 1710-1799 жылдары өмір сүрген Сұлтанбет Баһадүрдің Абылай ханға жиен болғаны тарихтан белгілі. Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Ертіс өңірінен 50 мың қол жинап, шайқасқа аттандырған. Бұған айқын дәлелдердің барын айтқан ұрпақтары енді оның атына көше берілсе екен деп отыр.

Оразалы Әтимов, Сұлтанбет Баһадүрдің ұрпағы:

-Ары қарай көшенің атын беріп мысалы айтайық, мүсінін қою керек дегендей. Атқа отырғыза ма, таққа отырғыза ма өз еркі. Бұл кісі атқа да, таққа да отырған азамат. Неге десеңіз, бүкіл мына Ертіс жерін билеп отырған 18 баласымен ұлдарымен. Қандай халық болсын, Ертістің жиегінде сонау Омбының ар жағы болса, өзіміздің Өскемен жаққа шейін осы көлемді билік еткен азамат. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде