Күрдістанға барлық халықаралық рейстердің ұшуы тоқталды
Ирак билігінің талап етуімен әлемдік әуе компаниялары әзірге Эрбиль мен Сүлиманияға қонбайды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
28.09.2017
Бағдаттың бүлінуіне осыдан үш күн бұрын күрд автономиясында өткен референдум себеп. Апта басындағы дауыс беруде халықтың 93 пайызы Ирактан бөлек шығуды қолдаған болатын. Осылайша, Ирак билігі Күрдістанға әуе жолдарын жабу арқылы ашуын алып жатыр. Олар шекара мен әуежайдағы қадағалауды өз құзырларына алмайынша тыншымайын деп тұр. Сонымен қатар, көрші Түркия мен Иран да автономия аламыз деп алқынған күрдтердің тәуелсіздігіне қарсылығын білдірді. Шиелініскен жағдай шешілмейінше Күрдістанға халықаралық рейстер ұшпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!