{metadescription}
Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды
Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды

Астанада әкімдіктен өлі ит сұраған ғалымдардың басы дауға қалды

Астанада зертханалық сынамалар үшін әкімдіктен өлі ит сұраған Қазақ агротехникалық университеттің басы үлкен дауға қалды. Қаланың ауыл шаруашылығы басқармасы өтінішті түсініп, тиісті бұйрық бергенімен, үй жануарларының жанашырлары өре түрегелді. Олар иттерді қорғау керек десе, ғалымдар жанашырлардың өздеріне көмек керек дейді.

Зертханаға15 ит  керек деген бастамаға мына мақұлықтар да қарсы тәрізді. Иттер наразылығын өз тілінде білдіріп шуласа, белсенділер әлеуметтік желіде хат алмасып, қол жинасып жатыр. Олар Сәкен Сейфуллин атындағы Агротехникалық университет ғалымдарының өтінішін қатыгездік деп түсінеді.

Инна Панченко, ерікті:

-Бұл иттердің бірін де зертханаға бермейміз. Әрқайсысының түрін, атын жатқа білеміз. Сондықтан бұндай бассыздыққа жол жоқ. Керек болса осы жерде түнеуге бармын. Бірақ ит бермеймін.

Еріктілердің жанкештілікпен жануарларды қорғауына мына хат себеп. Онда университет профессоры иттің ағзасындағы паразиттерді зерттеу үшін әкімдіктен 15 иттің өлексесін сұрайды. Әкімдік көмек көрсетіңдер деп өз қарамағындағы кәсіпорынға бұйрық берген.

Бибол Бегалин, «Астана ветсервис» КМК директорының орынбасары:

-Бірінші хат біздің «Астана Ветсервиске» түсті. Сол өтінішпен жауап жібердік. Сұрағанын  қолдай алмаймыз. Біріншіден бізде 15 өлі ит жоқ.

Ғылым үшін өлексе табылмауының себебі, егер бұрын бұралқы иттерді үш күн ұстап ұйықтатып тастаса, қазір заң бойынша екі ай бағып, күтеді. Ол да жануарлар жанашырларының еңбегі. Одан бөлек иттерді уақытша ұстау изоляторына жануарлар өлі күйінде де келеді. Олар бірден кремацияланады.

Сәдібек Тоқпан, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ аға ғылыми қызметкері:

-Жылда тексереміз осылай. Бізге өлген иттер керек. Ал болмаса тірі иттердің қан сарысуы мен нәжістерін тексереміз.

Дау болған хат авторы белсенділер қазақша жазылған хатты танымай даурықты дейді. Ғалымдардың мақсаты, иттен адамға жұғатын ихинокок паразитін анықтауды жетілдіру. Қазіргі таңда елімізде аталған құрттарды анықтаудың зертханалық тәсілі жоқ.

Қазақстанда соңғы санақ бойынша 890 мың ит, 350 мыңға жуық мысық тіркелген. Олардың тең жартысы түрлі ауруға шалдыққан дейді мамандар. Адамдар жануардан жұғатын емі жоқ дерттен қорғалмаған. Сондықтан итті бізден емес, еріктілердің өзін иттен қорғау керек дейді ғалымдар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде