{metadescription}
Қарағанды облысында шахтадағы апатқа  қатысты жаңа дерек шықты
Қарағанды облысында шахтадағы апатқа  қатысты жаңа дерек шықты

Қарағанды облысында шахтадағы апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Қарағанды облысындағы «Казахстанская» шахтасында болған апатқа байланысты құрылған комиссия жұмысын қортындылады. Мамандардың пікірінше, бұл апатқа жұмыс беруші, яғни «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы жол беріп алған.

Өйткені компания шахтада игеріліп жатқан жаңа учаскені толық толыққанды зерттемеген болып отыр. Салдарынан дәл қазылып жатқан жерде жиналып тұрған газ елеусіз қалған. Сондықтан апатқа 100 пайыз жұмыс беруші кінәлі. Енді комиссиядағылар бұдан былай жаңа ұңғыма қазбас бұрын оны толық зерттеп алау керектін айтты. Естеріңізге салсақ, тамыздың 31-іне қараған түні «Казахстанская» шахтасынада метан газы тарап, 3 кенші тұншығып өлген еді. Компания тарапы кеншілерді жерлеу рәсімін көтеріп, бала-шағаларына марқұмдардың 10 жылдық жалақысын берді. Дегенмен олар, комиссия айтқандай жер астын толық зерттеп шығуға ешкімнің қауқары жоқ дейді.

Леонид Костогладов «Арселор Миттал Теміртау» АҚ техникалық директоры: 

-Бұл – өте қиын мәселе. Өйткені ТМД елдері бойныша алсақ та мұндай жұмысты жүргізетін, немесе бізге осы тұрғыда көмек көрсететін ұйымдар жоқ. Еуропа елдерінде бар болуы мүмкін. Бірақ олар ешқандай кепілдік бермейді. Сондықтан табиғат құбылысын болжап, алдын алу қиын шаруа.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде